ҚҰЛҚҰДЫҚ
Тауелібай жеріндегі киелі орындар көп екені көпшілік жерлестерге белгілі. Құлқұдық аймағы да осындай киелі орындар мен тарихи жерлері көп ауыл. Шығысында бес шақырым жерде Ерлер Ата әулилі орны бар, тау етегінен қайнап шығып жатқан бұлақтарының суының дәмі балдай, тауларының биіктігі 800 метрге жақын.
Құлқұдық ауылы жерінде Жалпақтауда Сыр сүлейі Базар жырау жерленген мазар, Базар жырау қайтыс болған Базардың көңі, Сыдық төре әскеріне қосылып отаршылдыққа қарсы күрескен Жұбан батыр күмбезі, Сыдық төренің қазынашысы болған Темірбай сопы кесенесі, Дайрабайдың әніндегі мәтінде айтылатын Бес төбе, Сеңгіртам, Биік Заңғар, Тоқа Бердалының Қасқа асуы, Бұқара керуені тонамақ болған Хиуа әскерімен шайқас болған Әбіләкім жері, Ресей керуені тоналған Бестөбе жері, Әбіш Кекілбаевтің "Үркер" романында Әбілхайырдың аң аулап жүріп Қызылқұмның Бұқара таманында Бөкентаудың (Боқантау) биік жартасы түбінде ауырып, құлайтын Арқар бұлағы, естүссіз жатқан Әбілхайырды Бопай ханымның өзі тауып алып, емдейтін жер Жарылқап құдығы, Жібек Жолының бір тармағы Кәріжолдар "Арба қалған," "Сауранбай" атанған талай керуендер мен әскерлер, жолаушылар жүріп өткен жол, басында ескі қамалдың орны бар, тарихтан сыр бүгіп жатқан Құл тауы т.б тарихи жерлер көп.
Шекарасы Қарақалпақ, Қазақстан жерімен шектесетін, бір жағы таулы қыратты болып, екінші жағы қызылқұмды болып келетін шөл және шөлей жерлерге жатады.
Құлқұдық - Тамды елін соғыс жылдары аштық апатынан құтқаруда ерен еңбек еткен Абдулла Ералиев, "Тамдым әнім" әнінің шығарған, сазгер Сенбі Әйтпенбетов, Соц.Еңбек Ері Ідіріс Дәулетов, Республикаға еңбегі сіңген дәрігер Парахат Меңліқұлов, депутат Әбдібай Әбдіраманов, Бұқара обл. прокуры орынбасары болып жұмыс істеп, талай Тауелібайлықтарға араша түсіп, жәрдемі тиген Сейділла Ахметов,менің ата анам,нағашыларым т.б белгілі кісілер өскен жер.
О.Оразов