Перовск, Қазалы уездерінде болыстардың ауылдық Кеңеске ұласуы
Тынышбек ДАЙРАБАЙ, зерттеуші, этнограф, жазушы, «Құрмет» орденінің иегеріЕЛ БАСҚАРУ
( Ырзақұл болыс жиені Манай Сатанов әңгімесі)
Шөмекейдің Аспан руының болысы болған Ырзақұл ұсталып, қамалып бара жатқанда, рулас інісі әрі болыстықтың хатшысы болған Итжемес атамыз: – Ырзақұл аға, Алла бұйыртып, елге аман-сау оралуыңызды тілейміз, аз күн болса да мына басшысыз қалған елді сіз кеткен соң қалай басқарамыз, кеңес беріңіз, ақыл айтыңыз, ел басқарудың жөнін сілтеңіз,- деп сұрапты.
Сол кезде Ырзақұл болыс:
- Таяқ көтерер жауыр бол,
Сөз көтерер ауыр бол,
Ел-жұртыңмен тәуір бол,
Ағайынмен бауыр бол! – деген екен.
Оңдасын Оразов
ДАНАЛАРДЫҢ ТАТУЛАСУЫ
(Өте жақсы әңгіме екен, вацабтан келді, авторы белгісіз, авторын білсеңіздер төменге жазарсыздар)
Сайын атамыздың Ырзақұл атамызбен болыстыққа сайлауға түсуі жайлы әңгіме.
Ертеде Кеңес заманы орнамай тұрған жылдары Шөмекейлер арасында билік жүргізу үшін, Болыс сайлауы өтеді. Сайлауға екі үміткер Боқай (Бақашы) руынан Сайын ата мен Кедей руынан Ырзақұл ата қатар түседі. Халық арасынан Сайын көп қолдау тапқанымен, Ырзақұл патша өкіметінің ояз, губернаторымен келісіп болыстыққа бекіп кетеді. Бұл жағдайға Сайын қатты өкпелеп, көңілі қалғаны соншалық, өзіне қараған жақын-жуық, туысқандарын соңына ертіп қырға қарай Ырғыз, Шалқар, Орынбор жағына қарай көшіп кетеді. Бір бірімен, көп уақытқа дейін араласпай жүреді. Ырзақұл да кездесіп қалудан қашқақтап жүреді. Күндердің бір күнінде Сайын жол жүріп, кештете қонып шығу үшін жолда кездескен бір үйге құдайы қонақ болып түседі. Біраздан кейін дәл сол үйге ел аралап, жолаушылап келе жатқан Ырзақұл да нөкерлерімен келіп түседі. Осылайша ойда жоқта бір бірімен бетпе-бет кездесіп қалады. Үй иесі қу адам екен, бұларды сынамақшы болып пісіп тұрған көжені, бір ағаш табаққа құйып, бір ғана ағаш қасықпен орталарына қояды. Ырзақұл сіз бастаңыз деп сыпайылық танытады. Сайын жоқ өзіңіз бастаңыз, бір тайпа елдің басшысы тұрғанда маған жол қайда депті. Ырзақұл ауыз тиіп қасықты ыдысқа төңкеріп қояды. Сайын да ауыз тиіп қасықты оңына жоғары қаратып қойған екен. Ырзақұлдың қасықты төңкеріп қойғаны, кіна менен, болар іс болды, кешірім сұраймын, жоқ кешірмей ұрып соғып, өш алам десең мен көнемін, жон арқам мынау дегені екен. Ал Сайынның қасықты оңына қаратып қойғаны: мен бәрін де кешірдім, ала ауыз болмайық, арамызда бір қасықпен асты бөлісіп ішкендей татулық орнасын, бір бірімізді сыйлап ел халықтың алдында үлгі өнеге көрсетіп жүзіміз жарқын болып жүрейікші дегені екен. Бір бірін ыммен, қимылмен іштей түсініскен олар ұшып тұрып құшақтасып татуласқан екен. Үй иесі бұларға риза болып, қойын сойып, қонақасы беріп ертеңіне аттандырып жіберген екен. Қайран менің Ырзақұл Атам мен Сайын Атамдар-ай!. Сіздерге бас иіп, тағзым етеміз. Рухтарың ырза болсын. Қазір ұсақталып, майдаланып кеттік қой. Сайын атамның ұрпақтары бар болса жазып жіберіңіздер. Танысып білісейік. Тарихымызды түгендеп, туысқандарымызды тауып алайық бауырлар! Сұрақ тастау бізден, жауап қату сізден. Бұдан екі ай бұрын Бекнияз ініміз группаға шығып, сұрау салып еді. Өкінішке қарай ешкім де жауап бермеді. Конфиска кезінде Иран Ауғанға өтіп кетпесе ұрпақтарының дерегі табылып қалар деп үміттенеміз. Ырзақұл ата 17жыл болыс болып, Савет үкіметі кезінде қуғынға ұшырап, Сібірге айдалып пойызбен бара жатқанда Арыс станциясына келгенде жол үстінде қайтыс болады.
Оңдасын Оразов.