ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ
ТЕМІРХАН ҰСТА
КЕРІМБАЙ НЕМЕРЕСІ ТЕМІРХАН УАЙСҰЛЫ

ҰСТА ТЕМІРХАН

Тауелібай жері өнерлі азаматтарға кенде болмады. Өткен кезеңдерде бойына Алланың дарытқан өнерімен елді таңқалдырған "темірден түйін түйген" ағаштан әдемі бұйымдар мен тұрмыста қажетті дүниелер, қымбат тастардан көздің жауын алар әсем әшекейлер, тб жасайтын небір дарынды өнерлі кісілердің өткенін білеміз. Осы күні бұрынғы өнерлі кісілердің өнерін жалғастырып, ұлтымыздың ұсташылық өнерін жалғастырушы азаматтар да көп. Осындай "он қолынан өнер тамған" өнерлі азаматтың бірі, темір һәм ағаш ұстасы және мүсінші, электр энергиясы саласын да жақсы білетін, техниканың тілін меңгерген абзал азамат марқұм КЕРІМБАЙ НЕМЕРЕСІ ТЕМІРХАН УАЙСҰЛЫ еді. Сыныптасымыз, досымыз Темірхан 1980 жылы мектеп бітірерде "оқыған мектебіме естелік" деп, қолда тұрып ұшайын деп тұрған көгершіннің әдемі, тамаша мүсініндерін жасап, мектептің маңдайшасына берік етіп орнатып берген еді.

Темірхан – Тауелібай жерінде бойына Алланың берген дарыны ұсташылық өнерімін елге кең танымал азамат болды. Ол қазақтың ұлттық саз аспабы домбыра жасаудың асқан шебері болып, Тауелібай жұртының көбінің үйінде Темірхан жасаған домбыра тұрды. Сонымен бірге мүсін жасау өнерін еш жерде оқымай-ақ меңгеріп, Құлқұдық ауылындағы Абай атындағы орта мектеп алдына Абайдың мүсінін, көрші ауыл Жүзқұдықта Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке өте тамаша етіп, Бауыржан Момышұлының мүсінін жасады.

Темірхан Уайысұлы 1963 жылы Өзбекстан Республикасы Тауелібай жері Үшқұдық ауданы Құлқұдық ауылы жерінде дүниеге келген.

1970-1980 жылдар орта мектепте өте жақсы оқып, бітірді.

1981-1983 жылдары әскер қатарында болды.

1983-1985 жылдары Ташкент геология техникуында оқып, бітірді.

1985-1991 жылдары геологиялық-барлау партиясында жұмыс істеді.

1992-2008 жылдары аудандық электр энергиясы саласында электр маманы болып, жұмыс істеді.

209-2010 жылдары Үшқұдық қаласындағы колледжде дәріс берді.

2010 жылы қайтыс болды.

ТЕМІРХАН – достыққа адал, жаны жайсаң, адамгершілігі мол азамат еді. Бойында қазақы қалпы мықты, жан-жақты білімді жан еді. Досымыз Темірханның жаны жәннатта болсын.

( Бауыржан Момышұлының мүсінінің фотосы болмағандықтан жариялай алмадық, құрметті Жүзқұдық ауылының азаматтары фотосын түсіріп, осы жерге жарияласаңыздар болады)

Оңдасын Оразов

АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ


Өзбекстан Респуликасы Құлқұдық ауылында Абай атындағы мектеп алдындағы АБАЙ ескерткіші.

Абайдың ескерткішін ауылдың қарапайым ғана азаматы өнерлі азамат, ұста марқұм Темірхан Уайсұлы Керімбаев осы ғасырдың басында өз фантазиясымен жасап шығып, мектеп алдына тұғырға орнатқан еді.

Өзінің шебер ұсташылық өнерімен елге қызмет еткен Темірхан сыныптасымды бүгін "Абай күніне" орай Абай ескерткішін жасаған өлшеусіз еңбегін, өшпес өнерін бағалап еске алып отырмыз.

Оңдасын Оразов.

Базар жырау ескерткіші

Темірханның өнерін білетін ел азаматтары 2010 жылы елден жиналған қаражаттан Базар жырау мүсінін жасауды тапсырып, аздап қаражат берген екен, көп уақыт өтпей Темірхан қайтыс болып кетеді. Тапсырыс берген кісілер оның аяқ астынан қайтыс болғанын есітіп; Қап, деп өкінеді, елдің ақшасын беріп қойып едік, енді қалай болады, марқұмның мойнына да қарыз болатын болды-ау" деген оймен мүсін туралы жақындарынан сұрастырса, сол қайтыс болары алдындағы аз уақыт ішінде Базар жырау мүсінін жасап, дайындап қойған екен. Кеше (03.10. 2020) Базар жырау күмбезін қайта жөндеуден өткізерде Темірхан жасаған мүсін жасалғаннан кейін, Алла сәтін салып, 10 жылдан соң Жалпақтаудағы Базар жыраудың күмбезіне орнатылыпты.