САЗГЕР СЕНБІ АҒА
Тауелібай еліне танымал сазгер Сенбі Нұралыұлы Айтпенбетов (1950-2012) Тауелбай жұртына жақсы таныс. Ағамыз артына өшпес әндер мен күйлер қалдырған. Мектеп қабырғасында жүргенде ән үйірмесіне қатысып, мектепте, аудан көлемінде өзінің орындаушылық қабілетімен елге таныла бастаған. Сазгердің музыкадан дәріс беріп, нота сауатын ашқан алғаш ұстазы және сынып жетекшісі болған әкем Оразұлы Пайыз (Пайзұлла) екенін мақтанышпен айта аламыз. Әкемізге арнап жергілікті ақын Аманкелді Молдамұратовтың сөзіне жазылған "Ұстазым" әнін шығарған. Әскер қатарында жүргенде сүйген қызына арнап "Солдат сағынышы", үйленген соң сүйікті жары Еркін апайға арнап "Тағдырымсың", атты әндер жазған.
Сенбі Айтпенбетовтың елге кең таралған әні - ақиық ақын Өмірзақ Қожамұратовтың сөзіне жазылған "ТАМДЫМ-ӘНІМ" шығармасы. Бұл ән Тамды елі ән ұранына айналған. Белгілі ақын Ш.Ақназаровтың сөзіне "Туған жер", Ә.Нұрмұратовтың сөзіне "Жыр ата" т.б шығарған әндерімен бірге "Мезгілсіз көш", "Жоғалған керуен" атты күйлері бар.
Мына түсірілім 1998 жылы Үшқұдық қаласында сазгердің шығармашылығына 35 толуына арналған кештен үзінді. Күй орындаушы Сенбі Айтпенбетов.
Сенбі аға өзінің бойына Алланың берген дарынымен, ән-күйлерімен елдің ыстық ықыласына бөленсе, ауданның, ауылдың мәдениетін көтеруде де ерен еңбек етті. Ауыл, аудан мәдени орындарында жұмыс істеп, жас өнерпаздарға бойындағы білімі мен өнерін үйретуден жалыққан емес. Ауданда оркестр ұйымдастырып, талай жас өнерпаздарды дайындады.
Сенбі аға өмірде ақыл-парасаты жоғары, көпшіл, жаны жайсаң, өте қарапайым, мінезі жұмсақ, ашулануды білмейтін кісі еді.
Мына түсірілімнің сапасы төмендеу, дегенмен Тауелібай жерінен шыққан бірегей сазгер ағамыздың бейнесі бар, домбырада күй орындаған түсірілім болған соң, біз үшін қымбат дүние екені даусыз.
2020 жылы сазгер ағаның өмірге келгеніне 70 жыл толады, осы жылы мерейтойын ұйымдастырып, кең түрде атпп өтсе, нұр үстіне, нұр болар еді.
О.Оразов
САРЫАРҚАДА САЗГЕРГЕ БЕРІЛГЕН АС.
Адилбай Шилманов
Адилбай Шилманов
"ҚҰЛҚҰДЫҚ ЖАЙЛЫ БІР ӘН"
Тауелібай - қойнауы құтқа, белдеуі берекеге толы қасиетті жер. Сол киелі өңірде қоныстанған халқымыз өзінің салт-дәстүрін, байтақ өнерін, ұлттық мәдени асыл мұраларын жоғалтпай, бабадан балаға аманаттап отырған. Қыдыр кезген Қызылқұм даласы қашанда дарқан дарын, ерекше таланттарға да бай. Жалынды жыршылар, арынды ақындар мен дарынды әншілер шыққан осынау қасиетті жеріміздің тарихтан сыр шертер құдіреттілігі де сонда жатыр. Шығысында қасиетті Ерлер-Ата әулие жатқан біздің Құлқұдық топырағынан да көптеген танымал тұлғалар, халық қалаулылары шыққан. Ауылымызға деген шексіз махаббаттан туған "ҚҰЛҚҰДЫҚ" әні жерлестеріміздің бойтұмар әні іспеттес. Әннің сөзін Тауелібай жұртының танымал ақыны, бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан абыз ақсақалымыз -ШҮКІРБАЙ АҚНАЗАРҰЛЫ. Ақын 1937 жылы Тамды ауданы, Құлқұдық ауылында туылған. 1962 жылы Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педогогикалық институтының тарих және тіл әдебиеті факультетін тәмамдаған. 1962 жылдан бастап көптеген мемлекеттік, жауапты істерде қызмет атқарған. Ақынның "Ата өсиеті", "Тау елі", "Жырлайды жүрек" атты кітаптары жарық көрген.
Әннің музыкасын жазған сырлы сазгер, керемет күйші - СЕНБІ НҰРАЛЫҰЛЫ АЙТБЕНБЕТОВ. 1950 жылы 29 наурызда Құлқұдық ауылында туылған. Ауданымызда бірқанша өнерлі жастардың басын қосып, домбыра тартуды үйреткен ұлағатты ұстаз. "Алтынтау әуендері" ансамблінің көркемдік жетекшісі, "Современник" мәдениет сарайының қызметкерлері лауазымдарында қызмет атқарған.
Қазақтың киелі домбырасын шебер тартумен бірге мандолина, гитара, қылқобыз (атасының қылқобызы болатын), баян аспаптарын да меңгерген ерекше өнер иесі. Мәдениет, өнер саласында қарымды қызметтер атқарған сазгердің "Солдат сағынышы",
"Ұстазым", "Тағдырымсың", "Туған жер", "Тамдым-әнім", "Жыр ата" атты әндерімен бірге, "Мезгілсіз көш", "Жоғалған керуен" сияқты күйлері де бар. Шебер домбырашы 2011 жылы 2 наурызда дүниеден озды. Осы бір "ҚҰЛҚҰДЫҚ" әнін ел арасында дәріптеп айтып жүру - бүгінгі ұрпақ біздің міндетіміз.Қос тұлғаның бірлесе жазған осы бір шығармасын біз де орындап көрдік. Баянмен сүйемелдеуші: Батрашов Ертай ағам.
АХМЕТОВ ҚАЙРАТ ПЕРДЕБЕКҰЛЫ.