МҰҢАЯ БЕРМЕ ҚЫЗЫЛҚҰМ
Мұңаяды Қызылқұм,
Өткен күнін еске алып.
Төскейі тола қалың мал,
Жүз бес мың қой өсті анық.
Бүгін байқап қараса,
Он бес мындай қалыпты.
Мұңаяды Қызылқұм,
Өткенін ойлап жарықтық.
Кең пейілді ен дала,
Мал кұрырдай не етіпті.
Жұт емес малдың түбіне,
Жалмауыздар жетіпті.
Ыза кернеп өн бойын,
Долданады Қызылқұм.
Етегі толған малды аңсап,
Толғанады Қызыл шың.
Ел камын ойлап еңіреп,
Зарлайды Бохан таулары.
Мал құрыса не болмақ,
Алтынтаудың аумағы.
Терең Торбай бүгінде,
Иесіз қалған қаңырап.
Алла өзі жарылқап,
Тіктелгей қайта шанырак.
Аяқұры, Шеңгелді,
Күңіренеді күрсініп.
Көш керуені азайды,
Тоқтар деп коркад тіршілік.
Козы симай жататын,
Жусан сайын түбінде.
Тобаберген, Бөртескен,
Бүк түсіп жатыр бүгінде.
Қосым, Шилі, Асубай,
Ырысты еді нуларың.
Көшкен елдің жұртындай,
Тартылды неге суларың?
Арқар менен Қырбоқан,
Сарқылмайтын бұлағым.
Сарқылды десе бұлақтар,
Сенетін емес құлағым.
Тау Торбай мен Көксайлар,
Ата коныс мекенім.
Жүрсем де қайда, қай жерде,
Сендерден тәубе етемін.
Жаманұры, Жамансай,
Жаз жайлау еді жайқалған.
Сендерден де сән кеткен,
Талдарын курап шайқалған.
Оразалы, Бақалы,
Он ауыл қатар отырған.
Сияктысындар жайдак ат,
Айрылған ер-тоқымнан.
Құрқұдық, Бәлтай, Боранбай
Қалаға тең жерлерім.
Мұңаясыңдар сендер де,
Безуде тұрғын елдерің.
Дария едің Ақбөгет,
Суларың қайда ылақты.
Жиырма мың қой сендегі,
Көрген түстей сияқты.
Жалғызтау мен Жалпақтау,
Сендер де тілсіз жатырсың.
Шайқалған бөгет Дайрабай,
Айтшы, неге такырсын.
Ерлер Ата әруағым,
Жарылқап тұрған өзіңсің.
Жарылкай бер, жарылқа,
Табынарым өзің шын.
Мұңаясың Қызылқұм,
Мұңаясын ұлына.
Ашулы көзбен қарайсың,
Ку құлқынның құлына.
Мұная берме Қызылқұм,
Куларга да күн туар.
Мал көбейіп тағы да,
Өмір алға ұмтылар.
Мұная берме Қызылқұм,
Қасиет барғой тұлғанда.
Мыңғырып талай мал өсер,
Елің аман тұрғанда.
Шүкірбай Ақназарұлы