Error get alias
жер тарихы - ел тарихы
Бетегелі Бестөбе




Бестөбе

Құлқұдық ауылы жерінде тарихи орындар көптеп кездеседі. Таулардағы ескі таңбалар мен жазулар, суреттер, басқада кездесетін жәдігерлер адам баласы өмір сүріп келе жатқан дәуірден сыр шертетін белгілер өте көп. Осындай дүниелердің бірі Боранбай фермасы орталығының арқа жағындағы Бестөбе жеріндегі болған оқиға, ел ауызында жүрген аңыз әңгімеде айтылатын, ал тарихи құжаттарда расталған Ресейден Бұқара жеріне бара жатқан үлкен керуеннің Хиуа хандығы тарапынан қарақшылықпен тоналуы. Бұл оқиға туралы ауылымыздың тумасы белгілі өлкетанушы Іскендір Мәтжүсіповтың зерттеулер жүргізген. Осы еңбегін ауылымыздың абзал азаматы Қызтуған Қорғанбайұлы жинап, "Киелі өлкем Қызылқұм" деген атпен кітап етіп, бастырып шығарған. Осы оқиғаны кітаптың өз жазбасын фотоға алып жарияланды.

Мына фотода: қазіргі Бестөбе жерінің фотосын жариялап отырмыз. Осы жерге қазір ескерткіш белгі қойылған, сол ескерткішті де жарияладық.

Төменде сол кітартан осы оқиға туралы үзінде беріп отырмыз. Негізі өте үлкен керуен болған. 5 мыңдап қой, мыңдаған жылқы, басқада өте қажетті дүние-мүліктер, қымбат әшекейлер, қару жасауға арналған қымбат металлдар мен керекті заттар болған.

Оңдасын Оразов




"БЕТЕГЕЛІ, БЕСТӨБЕ" аңызы

Құлқұдық жерінің ұзақ жайылымында, Қызылқұм ішінде Бетегелі, Бестөбе деген жерлер бар. Жергілікті адамдар сол жерден осы күнге дейін маржан-моншақтар, өрге тұтыну заттарының шашырандылары табылып келгенін айтады. Бұл жерде де бір уақыттары соғысы болып, керуен тоналыпты дейді. Бірақ, кімен-кім соғысқанын, қандай керуен тоналғанын, жолаушылар кім екенін айта алмайды.

Бұл оқиға Е. Кайдаловтың 1827 жылы жарыққа шыққан "Каравнан записки во времия походу Бухарию Россиский караван" деген кітабында толық баяндалған.

Бұқара жолында керуендер хиуалықтар тарапынан тонала берген соң, Орынбор губернаторы 1824 жылдың ақырында күшті әскери күшпен саудагер Е.Кайдаловтың басқаруында Бұқараға үлкен сауда керуенін жіберген. Керуенде әскери қызметкерлерді қоса есептегенде барлығы 1300-дей адам бар еді. Сонымен бірге керуенде Жанғабыл Төлегенұлы бастаған қазақ жолбасшылары да болған.

Бұл кездері Жаңадария және оған жапсарлы Қызылқұм қазақтары Елекей(Елкей) Қасымұлы сұлтанның басқаруында Хиуа қоластында болған. Осындай күшті әскери күзетпен керкеншыққанын Хиуа ханы оны тонау үшін қазақтар мен түрікмендерден құралған күшті әскер жіберген. Қазақ жасақтарын жоғарыда аталған Елекей(Елкей) Қасымұлының інісі Бошай басқарған. Керуенді қоршаған қазақ-түрікмендердің жалпы саны; Е.Кайдаловтың көрсетуі бойынша он екі мыңдай болған. Бірнеше соғысулардан соң, керуен көп мүліктерінен айырылып, кері қайтады.

Е. Кайдаловтың есептеуіне қарағанда, бұл тонаушылықтан орыс өкімет орындары 230 000 сом, ал жеке саудагерлер 550 027 сом зиян көрген. Жоғарыда табылған бұйымдар осы керуеннің заттарының қалдықтары.

"Бетегелі бестөбе" аңызы мен шындығы туралы тарихи әңгіме осындай.

Бестөбе бетегелі, биік Заңғар,

Бетінде суықбеттің Сеңгір там бар, — деп, Қоданов Әуезбектің шешесі қыз кезінде Сырдың арғы бетінде қалған сүйген жігітіне тұрақты адресін жіберген екен,- деп, маған Бердалы ақын Оразалыұлы айтып еді.(Қ.Қ)

"Киелі өлкем — Қызылқұм" кітабынан. Өлкетанушы Іскендір Мәтжүсіпов жинаған деректер.

|. Видеода "Бетегелі, Бестөбе" әнін орындаушы Боранбай фермасының байырғы тұрғыны, Бестөбе жерінің тарихын жақсы білетін ақсақал(жасы 82-де) Тыныштықбай Ахметов.

Бестөбеде төгілген моншақтар