ТАСТАҒЫ ЖАЗУЛАР

Тастағы құпия сырлар

Түп тамырын тастағы таңбадан алатын ою арқылы қазақ бірін-бірі ұғысқан

Тауелібай жерінде сыр бүгіп жатқан талай тарихи оқиғалардың куәсіндей жерлер өте көп. Тауелібай жері тарихы жете зерттелмей келгені көп кісілерге белгілі. Түстігі Бұхара әмірлігі, батысы Хиуа хандығы жерімен шектесіп, әр заманда әр мемлекеттің құрамында болып келген. Жері - шөл, шөлейтті болғандықтан сыртқы жаулардың ішкері ендеп кіре алмай, түпкілікті бағыншты ете алмағаны анық. Жете зерттелсе бұл жердің тарихы қадым заманнан сыр шертері ақиқат. Таулы аймақтарында тасқа салынған көптеген мағына беретін суреттер мол. Ал, араб жазуымен жазылған жазбалар да, кешегі латын харіпімен жазылған жазбалар да көптеп ұшырасады.

Мына біз жариялап отырған суреттер Тауелібай жеріндегі Үшқұдық ауданы Құлқұдық ауыл кеңесі жеріне қарасты БАҚАЛЫ деген жердегі тауға салынған суреттер мен әр заманда әртүрлі әліпбиде жазылған жазбалар. Құлқұдық жеріндегі таулар Алтынтау және Боқантау деп аталады. Ең биік жері Ерлер Ата тауы биіктігі 764 метр. Алтынтаудың батыс бөлігі Тобабергеннің тауы деп аталады.

Бұл фотолар тек Бақалы бұлағындағы бір ғана таудағы суреттер. Негізі Боқантау, Алтынау тауларында суреттер мен ескі жазулар өте көп.

(Суреттерді фотоға түсірген жерлес ініміз Бүркіт Уайсұлы)

О.Оразов


Бақалы бұлағындағы тастағы суреттер

Кезінде 1873 жылы Великий Князь Владимир Костантинович деген Ресей мемлекетінің белгілі князының тасқа ойып, жазып қалдырған қолтаңбасы тұр. (Ел ауызында князьдың Бақалы бұлағында көп әскері бар керуенмен келгені, жолда әскерін жұқпалы ауру жайлап, бір қыс осы бұлақты қыстағаны туралы әңгіме де бар)

Арқар құдығы
Арқар құдығы жартастарындағы белгілер. Қайрат Ахметовтың парақшасынан